Мектеп әндері - AMAZONKA Текст песни (слова)


Мектеп әндері — AMAZONKA — Еркінқала түлектері

Білім нәрін толтырдық біз кеудеге
Қателікте болды бізде кей жерде,
Үйретуден жалықпаған ұстаздар
Жанашырда бола білдің көп жерде ,көп жерде
Қош бол енді мектебім менің,
Сенде оқып ,сенде көктедім.
Қоштасар сәтте алтын ұяммен
Байқамай қалдым келіп жеткенің.
Қош бол енді мектебім менің
Сенде оқып, сенде көктедім
Қоштасар сәтте алтын ұяммен
Байқамай қалдым келіп жеткенін.

Өмірдің қол созғанмен жаңасынан,
Өткеннің кім жете алар бағасына.
Кешегі арман қуған күн алыста,
Кеттің-ау сағым жылдар арасында .

Мектебім сағынышым,
Балалығымның тәңірісің.
Шуақты күндерді,
Жұлдызды түндерді,
Сәуледей болған жарығысың.

Тыңдаған көңілдегі толғамымды
Шыңдаған тәрбие мен талғамымды
Өмірдің маған сыйы деп білемін
Өзіңдей жанға шәкірт болғанымды

Талпынған балапан ем ұядағы
Қырандай жетілдірдің қиядағы
Ұстазға деген ыстық сағынышым
Бір әнге қалай ғана сыя алады

Ұстазым менің, қамқорым едің
Баулыған асыл өнерге
Жүрегің дархан, өзіңнің арқаң
Биікке шықсам егерде


Текст песни (слова) AMAZONKA lyrics
 
 

Тексты песен Мектеп әндері являются собственностью правообладателей. Текст песни "AMAZONKA" представлен исключительно для ознакомления и личного пользования.
All lyrics are property and copyright of their owners. All lyrics provided for educational purposes and personal use only.

Популярные тексты песен исполнителя Мектеп әндері
Популярные тексты песен
Новые тексты песен