Mona Songz - Asyqpa Текст песни (слова)
Талай-талай қызық көрдік өмірден,
Түрлі-түрлі сезім кештік көңілмен,
Бәрі-бәрі бітпейтіндей көрінген,
Біздер үшін.
Қанша-қанша біз білмеген, біз білген,
Тағдырлар бар сала алмаған із мүлдем,
Сағынышты ғұмырлар бар үзілген,
Біз үшін.
Жетуге бақытқа,
Кешікпе, асықпа,
Бәрінің уақыты бар,
Уақытың да уақытша.
Сүрініп жатып та,
Құлауға асықпа,
Бәрінің уақыты бар,
Уақытың да уақытша.
Аспаның ашықта,
Келеді шаттық та,
Бәрінің уақыты бар,
Уақытың да уақытша.
Баянсыз бақыт та,
Бақытты уақыт та,
Бәрі де уақытша.
Қатты-қатты қиындықтың соңында,
Тәтті-тәтті сыйлығы бар оның да.
Тарам-тарам өміріңнің жолында,
Бәрі бар.
Байлығың да, бақытың да,
Бұйырады өзі уақытында.
Тағдырдағы жазылғанды асықтырма.
Жетуге бақытқа,
Кешікпе, асықпа,
Бәрінің уақыты бар,
Уақытың да уақытша.
Сүрініп жатып та,
Құлауға асықпа,
Бәрінің уақыты бар,
Уақытың да
Аспаның ашықта,
Келеді шаттық та,
Бәрінің уақыты бар,
Уақытың да уақытша.
Баянсыз бақыт та,
Бақытты уақыт та,
Бәрі де уақытша
Текст песни (слова) Asyqpa lyrics
Тексты песен Mona Songz являются собственностью правообладателей. Текст песни "Asyqpa" представлен исключительно для ознакомления и личного пользования.
All lyrics are property and copyright of their owners. All lyrics provided for educational purposes and personal use only.