МузАрт - Қайран Көңіл Текст песни (слова)
Жан тербеген сезім бе едің,
Жастық жалын кезім бе едің.
Ару құшқан, арман қуған,
Сағынам таңдарды-ау ыстық.
Қайран көңіл, қайран өмір
Бағынбайсың, сүйдіріп, күйдіріп
Жалт еткен сағымдайсың.
Аққудаймын сыңар қанат
Мазаландым мұң арқалап.
Сақ-сақ күліп асқақ үміт
Өткен күндер тұрар қарап.
Қайран көңіл, қайран өмір
Бағынбайсың, сүйдіріп, күйдіріп
Жалт еткен сағымдайсың.
Бір күлдірген, бір жылатқан,
Өмір өзен жылжып аққан.
Мөлдір көзің, сол бір сезім,
Сағынам еркемнің өзін.
Қайран көңіл, қайран өмір
Бағынбайсың, сүйдіріп, күйдіріп
Жалт еткен сағымдайсың.
Текст песни (слова) Қайран Көңіл lyrics
Тексты песен МузАрт являются собственностью правообладателей. Текст песни "Қайран Көңіл" представлен исключительно для ознакомления и личного пользования.
All lyrics are property and copyright of their owners. All lyrics provided for educational purposes and personal use only.