Ninety One - ABUSE Текст песни (слова)


Соғыс жарияладың қалай?
Жүрегімде жан қалмай
Тілінген өткір тілден
Әрбір ойланбаған сөздерің де дәл оқтай
Кеудемді теседі
Дым да қалдырмай

Baby, мені көмдің-көмдің, тірідей мен неге өлдім?
Сенің зұлым болғаныңды қаламайм, бірақ өлтірдің оңай.

Түнегімде тоңдым,
Сыбырлайды сол иықтан:
«Негізінде махаббат ол осындай»
Сене алмайм оған, жоқ!
Мен үрлеймін күлді, шоқ жағу үшін одан (оу)
Көздеріңде бар сезім бірақ…

Таппадым мейірім.

Таста, болды бас тарт, менің жүйкем — сендік аспап,
Аспан төгіп жастарын, тағы күйіммен кеп басқарды
Білем теңге-тең, тек дегенмен кеудеге тікен бастың
Білем теңге-тең, білем мен де кем, сен де шектен кеп астың,
Еден күтіп алсын көйлегіңді, мен енді күтем бөлек үнді,
Сен берсең болды көмегіңді, мен…. аяқтамайм сөйлемімді.

Түнегімде тоңдым,
Сыбырлайды сол иықтан:
«Негізінде махаббат ол осындай»
Сене алмайм оған, жоқ!
Мен үрлеймін күлді, шоқ жағу үшін одан (оу)
Көздеріңде бар сезім бірақ…

Таппадым мейірім.


Текст песни (слова) ABUSE lyrics
 
 

Тексты песен Ninety One являются собственностью правообладателей. Текст песни "ABUSE" представлен исключительно для ознакомления и личного пользования.
All lyrics are property and copyright of their owners. All lyrics provided for educational purposes and personal use only.

Популярные тексты песен исполнителя Ninety One
Популярные тексты песен
Новые тексты песен