Ninety One - Баяу (Bayau) Текст песни (слова)


Ойымда сенің бейнеңді қалаймын, қалай айтайын?
Бір нəрсені қабылдай алмаймын…

Сенің баяу қозғалғаның ұнайды,
Тура қарағаның ұнайды, дəл солай
Сенің өте баяу қозғалғаның ұнайды
Тура қарағаның ұнайды, дəл солай…

Кейде шақырғым келеді сені баяу биге,
дымға қарамай
Бейнең жеке менің түн-ием,
Түн-ием, баура мені, ала кет! (x2)

Ойланып келдім baby, əңгімем бар baby,
Мен алысқа уақытша аттанамын, сезінбе жалғыз қалғандай,
Сен арманда, мен де армандаймын,
Шешімін тауып алғандаймын,
шақырамын биге, дайын бол!
«Ау?»-деп, түсінбей қалсаң, былайғо:
Бəрі оп-оңай, қиялыммен «баяуға» шақырамын, билейміз түнімен тоқтамай.

Оның жүрегі нөлдей, сезім мүлде бөлінбейді,
Түн сияқты ол: суп-суық, сұп-сұлу, тылсым
Ми шимайланған сезімдермен-түрлі-түсті бояу, түсініксіздеу дəл сендей,
Сосын, екеуіміз секілді Ай мен Жердей,
Тартылыс бар, бірақ бірдеңе жібермейді.

Дереу жақында, мені сезіну үшін
Тез қол ұшын бер маған, тез!

Сенің баяу қозғалғаның ұнайды,
Тура қарағаның ұнайды, дəл солай
Сенің өте баяу қозғалғаның ұнайды
Тура қарағаның ұнайды, дəл солай…

Кейде шақырғым келеді сені баяу биге, дымға қарамай
Бейнең жеке менің түн-ием,
Түн-ием, баура мені, ала кет! (x2)


Текст песни (слова) Баяу (Bayau) lyrics
 
 

Тексты песен Ninety One являются собственностью правообладателей. Текст песни "Баяу (Bayau)" представлен исключительно для ознакомления и личного пользования.
All lyrics are property and copyright of their owners. All lyrics provided for educational purposes and personal use only.

Популярные тексты песен исполнителя Ninety One
Популярные тексты песен
Новые тексты песен