Ninety One - Мен емес (Men Emes) Текст песни (слова)


Иә, сен күштісің, бірақ ең емес
Иә, сен байсың, бірақ ең емес
Әп-әдемі, бірақ ең емес
Сен мен емес, сен мен емес

Бізге тең келетіндерді жоқ қо, тағыма
Эй, тағыма отыр, қолыңнан келсе, құлат та тағыма отыр
Мұнда өрт жетпейді, сал тағы да отын
Қызымнан кетіп алып, өзім сағынып отырмын

Жоқ тұрақты стиль — мұнда көшпенділер
Сөнбейміз дәу жұлдыз өшкен күнде
Сенің дәрежең тұр өкшеден кеп,
Ал біз шын дара мына көк шеңбер

Дым жоқ аспанда, жұлдыздардың бәрі бүгін қасымда
Айнала балқуда, еруде жер аяқ астында
Білем-білем қысым бар yeah, бірақ кел-кел қысымда yeah
Тербел сосын ары-бері, мына бесік қозғала берсін

Ептеп келем ауылдан шығып тамсанып,
Қозғалыс іздеу үстінде жан салып
Айналаның бәрі көзбен бағалайды,
Мен мәдениет үшін айқайлаймын

Ту ұстадым өтіп қуыстардан — мыңға жуық саны
Суық сана — жүректі суырып тастадым,
Жаным суытса да, кім қу қуып тастадым
Бұл бұрыс ұстаным деп туыстарым (тікті) — туып тастадым

Бұл буын кунг-фуымның фунтына ғана ду-ду
Менің мұңым ол ұлтымның ұлудай жылжуы
Сынды Суртур — үстім бу-бу саған ту-ту,
Сен жоқсың секілді Ктулху!

Ла ла ла дірілдесе мына қала — дауысымнан таң қалма,
Келгенде жаңа ғана есіңді жи, әйтпесе жіберемін мамалатып
Қош келдің енді қамаласың,
Саған керек тағы, әзірге осы бары

Ең қымбат скафандрмен арзан космоста- бөсуді қояйықшы осы бастан
Еліктейін болсаңдар — жай істейік,
Сендейлерді біз жақта «nice» дейді

Дым жоқ аспанда, жұлдыздардың бәрі бүгін қасымда
Айнала балқуда, еруде жер аяқ астында
Білем-білем қысым бар yeah, бірақ кел-кел қысымда yeah
Тербел сосын ары-бері, мына бесік қозғала берсін


Текст песни (слова) Мен емес (Men Emes) lyrics
 
 

Тексты песен Ninety One являются собственностью правообладателей. Текст песни "Мен емес (Men Emes)" представлен исключительно для ознакомления и личного пользования.
All lyrics are property and copyright of their owners. All lyrics provided for educational purposes and personal use only.

Популярные тексты песен исполнителя Ninety One
Популярные тексты песен
Новые тексты песен